2020 жылы Назарбаев Университетінің құрылғанына 10 жыл толды.
Мен осындай университет болғанын армандадым. Бар-жоғы 10 жылдың ішінде біздің негізгі мақсаттарымыз орындалды. Осы уақыт ішінде университетті 5 мыңға жуық адам бітірді. Оның бәрі өзін жоғары білікті қажет маман ретінде көрсете білді. Осы жылдың өзінде академиялық дәреже мыңнан аса түлекке тағайындалды. 600-ден астам студент бакалавриат бағдарламасын, 400-ден астамы магистратура мен докторантураны бітірді. Оның көбі оқуын осында немесе әлемнің үздік оқу орындарында жалғастырады, біз оған кедергі жасамаймыз. Басқалары өзінің биік кәсіби деңгейін қазақстандық және халықаралық корпорацияларда көрсетеді. Үшіншілері жетістігі, жаңалығы мен өнертабысы арқылы тарихқа енеді. Оның бәрін ғылыми база ғана емес, Назарбаев Университеті түлегі екені туралы үлкен атақ қана емес, оның әрқайсы Қазақстанның амандығы мен мойындалуын қамтамасыз етіп, қал-қадірінше туған елінің дамуына үлес қосатыны біріктіреді, — деді Тұңғыш Президент құттықтау сөзінде.