Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жол жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жол жабылды

Қарашаның 14-іне қараған түні қатты жел мен жол көрінісі шектеулі болғандықтан Қазақстанның үш өңіріндегі жолдар жабылды, сонымен бірге Астанадан Қарағандыға шығар жол уақытша жабық, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің сайты.

Көрнекі фото

14 қараша күні түнгі сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына (қатты жел, боран, шектеулі жол көрінісі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы ауылы, 1330-1353 шақырым) автожолы бөлігіндегі қозғалыс тоқтады.

Қарағанды облысында да дәл осы жағдай, 14 қарашаға қараған түні сағат 01:20-да «Екатеринбург-Алматы» (Теміртау қ, 1051-1142 шақырым) автожолы бөлігіндегі жол қозғалысы тоқтатылды. Көктайғаққа байланысты сағат 05:45-тен бастап, «Астана-Қарағанды» бағыты бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық.

Сонымен бірге, борап жауған қардан Шығыс Қазақстан облысындағы жол көрінісі нашарлады. 14 қараша, сағат 06:00 бастап, «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахманов бұлақтары» автожолы бөлігіндегі (6-66 шақырым) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version