Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жол жабылды

14 қараша күні түнгі сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына (қатты жел, боран, шектеулі жол көрінісі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы ауылы, 1330-1353 шақырым) автожолы бөлігіндегі қозғалыс тоқтады.

Қарағанды облысында да дәл осы жағдай, 14 қарашаға қараған түні сағат 01:20-да «Екатеринбург-Алматы» (Теміртау қ, 1051-1142 шақырым) автожолы бөлігіндегі жол қозғалысы тоқтатылды. Көктайғаққа байланысты сағат 05:45-тен бастап, «Астана-Қарағанды» бағыты бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық.

Сонымен бірге, борап жауған қардан Шығыс Қазақстан облысындағы жол көрінісі нашарлады. 14 қараша, сағат 06:00 бастап, «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахманов бұлақтары» автожолы бөлігіндегі (6-66 шақырым) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

ДереккөзҚазАқпарат