Басты бетЖаңалықтарАҚШ қорғаныс...

АҚШ қорғаныс министрлігін әйел басқаруы мүмкін

Тағайындалған жағдайда ол Пентагонды басқарған алғашқы әйел болмақ. Washington Post басылымы былай деп жазады: «Трамп командасы қорғаныс министрінің лауазымына әлеуетті кандидаттар тізіміне сенатор Келли Айоттені қосқан.» Тағайындалған жағдайда ол жаңа әкімшілік құрамындағы аз ғана әйелдердің бірі болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, 48 жастағы америкалық саясаткер Келли Айотт 2011 жылдан бері АҚШ сенаторы ретінде Нью-Гэмпшир штатында қызмет етеді. Республикалық партия мүшесі Келли Пенсильвания штатындағы Университет пен Вилланова Университетінің Заң мектебін оқып бітірген.

ДереккөзҚазАқпарат