«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бейсенбіде Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 35-38 градус ыстық болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 35, Ақтөбе облысында 37, Атырау облысында 36-38, Маңғыстау облысында 38-41 градус ыстық болады.