Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті өкілетін кеңейтті

Жуырда бұл заңды Сенат мақұлдаған еді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жаңа заң бойынша Қазақстан Президенті бейбіт кезеңде соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін, Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының ордасы туралы, өңірлердегі қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайында Үкімет пен оған бағынышты мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді бекітуге өкілетті болады. Құжат елдің қорғаныс қабілетін арттыруға, соғыс қауіпсіздігін жетілдіруге бағытталған.