ҰҚК Атырау облысында қылмыстық топты жойғанын хабарлады

Комитет мамандарының мәліметінше, бұл топ өңір кәсіпкерлерін қорқытып, ұрып-соғып, ақшасын тартып алумен айналысқан.

Топтың бес белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі түрме тіліндегі «ұры идеологиясын» ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыс жасаған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту барысында әртүрлі үш атыс қаруы мен оның оқ-дәрісі табылып, тәркіленді. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір оларға бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Қалған екеуінен қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Шұғыл шара мен тергеу жалғасып жатыр, — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.