Басты бетМедицинаҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан тағы үш адам қайтыс болды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда 1959 жылы туған ер адам, Шымкентте 1956 жылы туған ер адам және Павлодар облысында 1935 жылы туған әйел адам қайтыс болды.

Адам өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл науқастар коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деген шешім шығарды.

Қазақстанда COVID-19 барлығы 44 адамның өліміне себеп болды.

Инфекциядан Алматыда 10, Шымкентте тоғыз, Нұр-Сұлтанда жеті, Ақмола, Павлодар облыстарында төрт, Қарағанды облысында үш, Қостанай облысында екі, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында бір-бір пациенттен қайтыс болды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны — 11 571, аурудан жазылғандар — 5 941.