Коронавирус жұқтырған қызметкерлердің 13-і — диспетчер. COVID-19 жоспарлы тексерілу кезінде анықталған.
17 қызметкердің бәрі жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Біз олармен қарым-қатынас жасағандарды үйдегі карантинге немесе провизор стационарға оқшауладық. Олар — шамамен 12 адам. Қызметкерлеріміз ешкіммен байланыс жасамайды, бірақ арасында күйеуі жұқпалы аурулар стационарында немесе көлік жүргізуші болып жұмыс істейтіндер бар. Қызметкерлердің кейбірі екі жерде жұмыс істейді. Сондай адамдардың бірі инфекция жұқтырып әкелуі мүмкін, — деді Азамат Әменов.
Жедел жәрдем станциясы басшысы міндетін атқарушының айтуынша, коронавирус жұқтырғандар бір ауысымда жұмыс істеген. Ешқайсынан симптом байқалмаған.
Екеуі ғана пневмониямен ауырған, қалғандарының жағдайы жақсы. Ауру жұқтырғандардың дені — 20 мен 45 жас аралығындағы әйел адам, біреуі ғана 55-те. Қызметкерлердің бәрінде жеке қорғаныс құралдары бар, — деді мекеме өкілі.
Алматыда бүгінге дейін коронавирус барлығы 2 676 адамнан анықталды. Оның 1 613-і ауруханадан шықты, 10-ы қайтыс болды.