Басты бетЖаңалықтарТеміртау әкімі...

Теміртау әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясын жұқтырды

Бұл ақпаратты қала әкімінің баспасөз қызметі растады.

Теміртау әкімінің коронавирус инфекциясын анықтайтын тестінің нәтижесі оң болды. Қазір Ғалым Әшімов үйінде. Дәрігерлер оның денсаулығы қалыпты деп отыр. Шағымы жоқ. Әкім өзін 14 күн оқшаулайды, — деп хабарлады Теміртау әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде әкімнің маңына жолаған адамдардың бәрі тексерілген. Ешқайсынан вирус анықталған жоқ. Қала басшысының міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай уақытша атқарады. Әкімдіктің жұмысы әдеттегі режимде.

1 маусымда Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 956-ға жетті. Бір тәулікте 24 жаңа дерек тіркелді. Өңір вирус жұқтырғандар саны жөнінен республика бойынша төртінші орында. Аурудан 255 адам айықты, үш науқас қайтыс болды.