Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, Шымкентте 1959 жылғы ер адам, Павлодар облысында 1966 жылы туған әйел адам қайтыс болды.

Адам өлімін зерттеу жөніндегі комиссия екі пациент коронавирус инфекциясынан көз жұмды деген шешімге келген.

Бұған дейін Шымкентте 75 жастағы әйел адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 40 адам көз жұмып отыр.

Алматыда 10, Шымкентте сегіз, Нұр-Сұлтанда алты, Ақмола облысында төрт, Қарағанды, Павлодар облыстарында үш, Қостанай облысында екі, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында бір-бір пациенттен қайтыс болды.

Қазақстанда бүгінге дейін 10 858 адам коронавирус жұқтырды, 5 400-ден астам жазылып шықты.