Президент Ақмола облысындағы Күн электр станциясын көрді

Нысан биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаты 100 мегаватт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловатт-сағат электр қуатын өндіреді. Жоба құрылысына компанияның өзі жасаған гетероқұрылымды екіжақты күн модулі сияқты инновациялық технология пайдаланылған.

Ақмола облысындағы Күн электр станциясы
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңартылған қуат көзін пайдаланған маңызды екенін айтып, электр станциясы қызметкерлеріне табыс тіледі.