Басты бетЖаңалықтарЭлектрондық шылымның...

Электрондық шылымның зияны қандай?

Зерттеушілер электронды шылымдардың буында болатын альдегидтер концентрациясын өлшеп көрген.

«Әрбір дем тарту кезінде тым көп альдегид бөлінеді, ал оның негізгі бөлігі хош иістендіргіш құрамының термикалық ыдырауынан болады», — деп түсіндірді ғалымдардың бірі Андрей Хлюстов. Бірнеше зерттеу қорытындысы бойынша, альдегиттер мөлшері АҚШ мемлекеттік өндірістік гигиенистері ассоциациясы бекіткен деңгейден асып отырған.

Ғалымдар зерттеуін жалғастырып, басқа да дәмдік қоспалар альдегидтер мен өзге де улы қоспаларды бөлентіндігін анықтап көрмек.

Мұның алдында, вейпер оқушылар электронды шылымнан бас тартып, кәдімгі темекіге өтіп жатқаны байқалған.

Вейпинг — Электронды шылымдарды, яғни, ингаляторларды қолдану. Алғашында олар темекі шегу әдетімен күресу құралы ретінде сатылған. Уақыт өте вейпинг жастар арасындағы суб мәдениетке айналды.

Дереккөзtengrinews.kz