17 өңірдің төртеуінде ғана коммерция кеңсе-ғимаратын жалдау бір жыл бұрынғы деңгейінен қымбаттаған. Оның өзінде Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Шымкентте баға тек 0,1% өсіп отыр.

коммерция нысандарын жалға алуҚазақстанда коммерция нысандарын жалға алу бағасының төмендеуі жөнінен Атырау облысы алға шығып отыр. Нысандарды жалға алу өңірде бірден 33,1% арзандаған. 

Коммерцияға арналған нысандар арасында айтарлықтай арзандағаны — сауда бөлмелері: баға бір жылда 9,6% төмендеген. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалға алу 5,3% арзандаған. Өндіріске арналған кеңістіктерді жалға алу құны 3,2% төмендесе, көлік тұрағын жалға алу бағасы өзгерген жоқ.

коммерция нысандарын жалға алу

Пандемия кезінде кәсіпкерлік нысандарының бір тобы жұмысын тоқтатты, компаниялардың қалған бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшті. Карантин режимі еңбек ұжымдарына, әсіресе жеке кәсіпкерлерге келешекте де қашықтан жұмыс істей беруге болатынын көрсетті. Бұл кеңсе жалдау шығынынан құтқарады, сол себепті алдағы айларда коммерция нысандарын жалға алу тағы арзандауы ықтимал.