Қызылорда гандболшылары Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қызылорда спортшылары карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, оқу-жаттығу процестерін бастады.

Қазақстан гандбол федерациясы супер лиганың әйелдер командалары арасында ҚР чемпионаты жаз айларында маусым, шілде, тамыз айларында өткізілетінін хабарлады. Карантин режимі кедергі келтірмесе, күнтізбелік жоспар бойынша екі туры Қызылордада, екі туры Алматыда өтеді. Бір апта бұрын команда залда оқу-жаттығу процесін бастаған болатын. Осы аптада барлық командамыз толығымен жарыстарға дайындықты бастайды. 2 апта жалпы физикалық дайындық және келесі 2 аптада техникалық-тактикалық дайындық жүргіземіз, – деді Вячеслав Ким.

Наурыз айында Венгрияда жоспарланған Олимпиада ойындарына жолдама алатын квалификация турнирі қазан айына ауыстырылған. Команда осы турнирге жəне жеті спортшы Азия чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

«Қайсар ҚМУ» ганбол командасы — 11 дүркін ҚР чемпионы, төрт дүркін Жастар спорт ойындарының және төрт дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, екі дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы.