Жаңа үйлердің іргетасын қалау кезінде аудан басшысы бас мердігерлердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.
Аудан тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында қолға алынған ауқымды құрылыс аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асып жатыр.
Іргетасы қаланған жаңа тұрғын үйлерді салушы бас мердігерлер — жергілікті «Науырыз құрылыс» ЖШС және «Арал су-құрылысы» ЖШС. Жобаның қаржысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімшарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлініп отыр. Жаңа баспанаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады. Бүгін бастау алған құрылыс жұмыстары аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 50-ге жуық аудан тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.
Жаңа тұрғын үй құрылысы биыл күз айында аяқталып, 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталады.