Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 24 мамырда Жамбыл облысында 33 (12,7%), Батыс Қазақстан облысында 28 (7,3%), Шығыс Қазақстан облысында төрт (6,5%), Қарағанды облысында 33 (5,9%), Павлодар облысында 10 (5,6%), Ақтөбе облысында 6 (2,2%), Қызылорда облысында алты (2,1%), Нұр-Сұлтанда 32 (2%), Алматыда 37 (1,7 %), Қостанай облысында екі (1,7%), Атырау облысында 12 (1,4%), Алматы облысында төрт (1,4%), Ақмола облысында бір (0,7%), Маңғыстау облысында бір (0,6%) адамнан коронавирус инфекциясы табылды.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусты 8 531 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр. Қазір өңірлерде тіркелген жағдайлар саны мынадай:
Алматы — 2 201,
Нұр-Сұлтан — 1 630,
Атырау облысы — 891,
Шымкент — 606,
Қарағанды облысы — 595,
Батыс Қазақстан облысы — 414,
Түркістан облысы — 315,
Жамбыл облысы — 292,
Қызылорда облысы — 289,
Алматы облысы — 288,
Ақтөбе облысы — 276,
Павлодар облысы — 187,
Маңғыстау облысы — 167,
Ақмола облысы — 146,
Қостанай облысы — 122,
Шығыс Қазақстан облысы — 66,
Солтүстік Қазақстан облысы — 46.
Коронавирустан 4 506 науқас жазылып шықты. 35 адам қайтыс болды.