Басты бетҚоғамҚызылордада студенттердің...

Қызылордада студенттердің республикалық онлайн пән олимпиадасы өтті

Бұл жолғы пән олимпиадасы жылдағыдан өзгеше форматта — еліміздегі карантин жағдайына байланысты онлайн нұсқада ұйымдастырылды. Пән олимпиадасының мақсаты — студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, кәсіби-тұлғалық әлеуетін қалыптастырып, дарынды, білімді жастарды анықтау.

Қызылорда, пән олимпиадасы

Білім сайысына еліміздің түкпір-түкпіріндегі ЖОО студенттері қатысып, бақ сынады. Білім додасының қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жеңіп алды. 2-орынға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті  және  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті лайық деп танылса, 3-орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  және  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті иеленді.

Қызылорда, пән олимпиадасы

Сонымен қатар «Ең үздік шығармашылық жоба» номинациясы Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне бұйырса, «Ең үздік таныстыру» номинациясына Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ие болды. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті  «Ең үздік эссе» номинациясына лайық деп танылды. «Ең үздік панорамалық оқу қызметі»номинациясын  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қанжығасына байлады.

Олимпиаданың жабылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.С.Кәрімова сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапатымен құттықтады.