Бұл мекеме коронавирус індетін анықтауға да арналған. Мұнда сырқаттанушыларға кеңес беру кабинеттері де бар. Зертхана ақылы және тегін қызмет көрсететін екі бөлімнен тұрады. Мұның ішінде «Олимп» зертханасы да болады. Замануи аппараттар қойылады. Маммография тексеруінің кабинеті жұмыс істейді.
Құрылысы жүріп жатқан нысанды аралау кезінде Ералы Тоғжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтан аймақтың коронавирус індеті барысындағы жай-күйін сұрады. Тұрғындар арасында тест бойынша тексеру жүргізуді тоқтатпауды тапсырды. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ инфекция ауруханалары, онда ем алып жатқан адамдардың жағдайы туралы ақпарат берді.
Коронавирус жұқтырған және олармен қарым-қатынаста болғандар алгоритм бойынша медициналық бақылауда. Ем алушылардың жағдайы қалыпты. Ауыр халде жатқандар жоқ. Сауыққандарды емдеу орнынан шығарып жатырмыз, — деді Бауыржан Ысқақ.
«Облыста зертханалық қызметтің бағасын өсіріп керек емес. Бағаны бақылауда ұстауға тиіспіз. Бұл қызмет тұрғындардың қалтасына ауыр тимеуі керек»,-деді нысанның жай-жапсарымен танысқан Ералы Тоғжанов.