«Адамгершілік» қоғамдық қорының заңгер кабинеті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау саласында халықтың құқық сауатын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік гранты аясында жұмыс істеп жатыр.
Жобаның мақсаты — Атырау облысы тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беру, халықтың түрлі жағдайда өзінің құқығы мен міндетін білуге, заңға қайшы әрекет етудің алдын алуға үйрету, мәселені заң шеңберінде шешуге жәрдемдесу.
Заңгер кабинеті 2020 жылдың наурызынан бастап халықтың құқығын қорғау үшін (консультация, өтініш, арыз-шағым) құқықтық кеңесті тегін береді. Кабинетке тұрғындар айына үш рет, аптаның бейсенбі күндері сағат 9.00-18.00 арасында көмек сұрап бара алады.