Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға барды

Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбав үш күндік ресми сапармен Сеулге барды, деп хабарлады ресми баспасөз. Мемлекеттік сапар барысында Назарбаев Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кездеседі.

Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды, деп хабарлады қазақ президентінің баспасөз қызметі.

Назарбаев пен Хенің келіссөздері нәтижесінде екі жақты құжаттар қабылданады. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев мұнда іскер топ өкілдерімен кездесіп, Йонсей Университетіне барады.

Назарбаев Сеулге Жапониядан келді. 6 қарашада президент Жапонияда бірқатар ресми кездесулер өткізді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version