Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды, деп хабарлады қазақ президентінің баспасөз қызметі.
Назарбаев пен Хенің келіссөздері нәтижесінде екі жақты құжаттар қабылданады. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев мұнда іскер топ өкілдерімен кездесіп, Йонсей Университетіне барады.
Назарбаев Сеулге Жапониядан келді. 6 қарашада президент Жапонияда бірқатар ресми кездесулер өткізді.