Басты бетҚоғамКәсіпкер 500...

Кәсіпкер 500 отбасының әрқайсысына 116 келі тегін азық-түлік таратты

Қос көлікке тиеліп жеткен  әр отбасының несібесі бірнеше айға жетеді. Бұл — 50 келі ұн, 25 келі күріш, 25 келі қант, 10 келі макарон. 5 литр күнбағыс майы мен 1 келі шайы тағы бар. Әр отбасыға жалпы жиынтығы 116 келіден астам азық-түлік таратылды.

Осылайша танымал кәсіпкер 500 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұл көмек – төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табыссыз қалған, күнкөрісі төмен жанұяларға  таратылды. «Қайырымдылық керуені» атты ауыр жүк көліктері  азық-түлікті облыстың үш ауданына бір апта бойы тасыды. Алғашқы көмек  шалғайдағы Ақсу ауданының әлеуметтік тұрғыда әлжуаз 200 отбасыға теңдей бөлініп берілді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тек осы карантин кезінде халыққа бірнеше рет үндеу жасады. Вирустың қауіпті екенін, халыққа қиын соғып  жатқанын түсіндірді. Мемлекетті дамыту жолында ел азаматтарына үміт артатынын алғашқы жолдауында да айтты. Сондықтан бұндай сәтте қолында қаржысы бар әр азамат өзін ойлай бермей, елге, халыққа шамасынша көмек қолын созу керек деп санаймын. 60 тонна азық-түлікті алып, таратып беруді жөн санадым. Мемлекет басшысы қандай тапсырма берсе де орандауға тырысамын. Шын мықты мемлекеттен көмек сұрай бермей, елге қызмет қылу керек, – деді Алматы облысы «Газ шаруашылықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Молдияр Нұрбаев.