Станция жарты ғасырдан бері жөнделмеген. Сондықтан елді мекенде жарықты іркіліссіз беру мәселесі өзекті еді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бұл құрылысқа 340 адамды тарту көзделген. Қармақшы аудандық электр тарату тораптары мекемесінің станциясы да қайта жөнделіп жатыр. Нысандағы құрылғылар әбден ескірген. Жауын жауса, станция істен шығып қалатын. Мамандар «осы олқылықтың орнын биыл толтырамыз», – дейді.
Қазіргі таңда 1 миллиард 600 миллион теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба аясында аталған қосалқы станция жаңғыртылады. Нәтижесінде аудан халқы тұрақты түрде, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етіледі. Жалпы құрылысты біз қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді Қызылорда облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Медет Ұсайын.