Осы орайда, Қызылорда облысының 96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады. Бұл туралы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.
Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сонымен қатар ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады. Аймақта кейінгі екі жылда «Цифрлық Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұған қоса, «Автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Юлия Тремасова
Сонымен қатар қалаішілік қоғамдық көліктерде электрон билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларда ақпараттық тақта қою жоспарланып отыр.