Кафелерде 30 адамға дейін тамақтануға болады. Онда да санитария талаптары орындалуы керек. Бірақ бұл үйде де дәл осылай жиналуға рұқсат деген сөз емес.
Қоғамдық тамақтану орындарында 30 адамға дейін тамақтануға рұқсат бар. Бірақ санитария талаптарын, арақашықтықты қатаң сақтау керек. Ал үйге осынша көлемде адам шақырып, жиналуға болмайды. Бұған дейін 8 адамныің вирусты туған күн тойлағанда жұқтырғанын айтқан едім. Ауызашарға барған адамдар да коронавирус жұқтырды, — деді Айжан Есмағамбетова.
Сонымен бірге Бас мемлекеттік санитар дәрігер жеке гигиена тазалығын сақтау, көп адам жиналған жерге бармау, қонақ шақырмау керек екенін тағы да ескертті.
Төтенше жағдайдың аяқталуы карантин шараларының біткенін білдірмейді. Вирус жойылып кеткен жоқ, ол күнде қанша адамға жұғып жатыр. Сондықтан әлі де карантин шараларын ұстануымыз қажет. Қонаққа бармаңыз. Үйге де адам шақырмаған дұрыс. Егер жағдай ушыға берсе, карантин режимі қайта сақталады, — деді ол.
Айжан Есмағамбетова коронавирустың екінші кезеңі туралы нақты болжам жасалмағанын жеткізді.
Коронавирус таралуының екінші кезеңі туралы түрлі болжам айтылып жүр. Алдын ала айту қиын. Бірақ күзде коронавирус тағы да біраз көлемде жұғуы мүмкін, — деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.