«QAREKET Жақсылық жаса» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға ерекше сый жасады

«QAREKET Жақсылық жаса» қайырымдылық қоры Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ), «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, Нұр-Сұлтанның волонтерлар штабы қолдауымен мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған ауқымды әлеуметтік жобаны іске асырып отыр.

Қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға 200 дана бройлер балапандарын жеткізді. Росс 308 тұқымының балапандары тез өседі, етті. Аз уақытта салмақ қосады. Бір айға толғанда оларды союға болады. Сол кезде қоңды балапанның салмағы 1,5 келі болады. Бройлерді 2,5 ай максимал асырауға болады. Осы жаста құстың салмағы 5,5 келіге дейін жетеді.

Росс 308 бройлерлері аз уақытта салмақ жинап қоймай, 200-ге жуық жұмыртқа тууға қауқарлы. Росс 308 тұқымды тауық балапандарын және инкубациялық жұмыртқасын тарату құқығы толықтай Aviagen компаниясына тиесілі. Бұл ұйым өз өнімін әлемнің 100 еліне тасымалдайды.

Росс 308 бройлерлері
Фото жоба ұйымдастырушыларынан

«QAREKET Жақсылық жаса» қайырымдылық қоры, Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ), «Шеврон» компаниясы және Нұр-Сұлтанның волонтерлар штабы мұндай көмек жеке шаруашылықты қалап, экологиялық таза өнім алғысы келетіндерге пайдалы деп есептейді. Сонымен қатар олар балапандар жаңа бизнес идеяға керемет фундамент болады деген сенімде. Себебі қазір құс өсіріп, ауыл шаруашылығымен айналысу пайдалы әрі жемісті бизнес болып есептеледі.