Медаль «Халық алғысы» деп аталады. Бұл COVID-19 вирусына қарсы күресте ерекше көзге түскен адамдарды көтермелеу мақсатында жасалады.
«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады. Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған. Оның диаметрі — 32 миллиметр дұрыс шеңбер болады. Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Birgemiz логотипі жасалған. Жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ал төменгі жағында «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» деген жазу бар. Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020» деген жазу бар.
Азаматтарға медальді Елбасы, Президент, ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдар өкілі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттің әкімдері береді.
Жарлық жобасы 2020 жылдың 1 маусымына дейін талқыланады.