Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы ең...

Қазақстандағы ең табысты мамандық қандай?

Аталмыш компаниялардың 75 пайызы жалақыны тек басшылық құрам мен мамандарға ғана, яғни айлықтары онсыз да жоғары қызметкерлерге арттырған. Ал қарапайым жұмысшылар ортаңқол жалақыға қанағат етіп келеді. Десе де компания жетекшілері айлықты теңдей көтермегенімен, қызметкерлеріне спорт абонементтері, ұялы телефондар мен тегін тамақтану сияқты түрлі әлеуметтік пакеттер ұсынып отыр.

HeadHunter жұмыс іздеушілер порталының дерегіне сүйенсек, ең жоғарғы айлық аграрлық кешен директорларына ұсынылған. Жұмыс берушілер оған ай сайын 5 миллион теңге төлеуге бар. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық кешендерінің сатылым алаңдарына жалға алушыларды еліктіре алатын басшылар, атқарушы директорлар мен сатылым жөніндегі менеджерлер де миллион теңгелік жалақыға үміттене алады.

Ең қажетті мамандықтар бестігіне:

  1. Компания қызметін ұсына білетін сауда өкілдері;
  2. Әкімшілік жетекшілері
  3. Есепшілер
  4. Маркетологтар,
  5. IT және байланыс саласының мамандары кірген.

Сонымен қатар сайтта ұсынылған бір бос орынға шикізат өндірісімен айналысатын 42 адам таласуда. Мемлекеттік қызмет пен топ-менеджмент мамандарының да шамадан артықтығы байқалып тұр. Сондай-ақ әдеттегіше жұмыс іздеген заңгерлер көп.

Елімізде табысы жоғары мамандықтар қатарында футболшылар да бар. «Нұр кз» сайты айына 9 миллион теңге алып келген «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы шабуылдаушысы Алексей Щеткиннің айлығын қалай жұмсауға болатынын тұспалдап көрген екен. 9 миллион теңгеге Астанадан 1 бөлмелі пәтер немесе су жаңа көлік алуға болады. Сондай-ақ бұл ақша Алматы метросында 154 жыл қатар тегін қатынауға жарайды екен. Футболшының жалақысын 18 мың донер, 8 мың килограмнан астам ет немесе 15 789 дана раушан гүл алуға да жұмсауға болады. Тіпті бұл 348 зейнеткерді зейнет ақымен, 174 мұғалімді және 18 депутатты 1 айлық жалақымен қамтамасыз етуге де жетерлік ақша.
ДереккөзИнформбюро