Басты бетЖаңалықтарКриштиану Роналдудың "Реалдағы" жалақысы белгілі болды

Криштиану Роналдудың «Реалдағы» жалақысы белгілі болды

Криштиану Роналду Роналду «Реал» тарихындағы ең қымбат ойыншы.  Оның жалақысы аптасына 410 мың еуроны құрайды. Ол дегеніңіз қазіргі курспен аптасына 153 млн 898 мың теңге, демек португал футболшысы айына 615 млн 590 мың теңге алады.

Клуб президенті Флорентино Перес: «2021 жылдың 30 маусымына дейін Роналду біздің командаға тиесілі болады, әрі одан кейін де біздің клубта ойнағысы келеді»,- деп мәлімдеді. Корольдік клубпен ол 3 алтын допты және 2 чемпиондар лигасының кубогын ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандық  «Ақтөбе» футбол клубы футболшыларының жалақысы белгілі болған еді. Оның ішінде ең жоғарғы табыс Алексей Щеткинге тиесілі. Көрсетілген құжатта ол ай сайын 9 млн теңге алатыны жазылған.

Дереккөз24 Хабар