Басты бетМедицинаСәуле Қисықова:...

Сәуле Қисықова: Нұр-Сұлтанда 84 жасөспірім вирус жұқтырған

19 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1287 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 84-і — 18 жасқа дейінгі балалар. 62%-і — ер адамдар, 38%-і — әйелдер.

Қазір қалалық ауруханаларда 1022 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 67%-і — коронавирус инфекциясынан ем алушылар, — дейді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, вирусты ең көп жұқтырған 18-49 жас аралығындағы адамдар — 76%. 50-69 жас аралығы — 16%, 70-тен асқан адамдар — 2%, балалар — 6%. Сонымен қатар індетті жұқтырғандардың 47%-і үйдегі карантинге жіберілген.

Қазір 10 науқас тұрақты ауыр халде жатыр. Оның екеуі жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық, — деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.