Осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1 555,4 миллион теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 миллиард теңге бөлінді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет Қазақстан дәрігерлері үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.
Қауіптілігі аса жоғары санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы мөлшері 20 ең төменгі жалақыға тең (850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — провизор стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
Қауіптілігі орташа санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — карантин стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитар дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқа. Үстемеақы — 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңге.