Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс басында болып, нысанның алғашқы кірпішін қалады. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасқан аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.
Бұл нысанның құрылысы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жүргізіледі. Құрылысты конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында барлық қажет техникалар мен материалдар жеткізілген. Ғимарат құрылысы шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.