Басты бетҚоғамҚызылорда облысы...

Қызылорда облысы бойынша шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

Бүгінгі эпидемиология ахуалын ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосып жатырмыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңде, яғни 18 мамырдан бастап іске қосылатын орындардың қатары толықты. Олар — ломбардтар, азық-түлік сататын емес дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар туристік, авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады, – деді Әлия Әбіқайымова.

Жоғарыда аталған нысандар тек шектеулі уақытта қызмет етеді. Сонымен қатар  азық-түлік сататын дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-22.00-ге дейін ұзартылды. Ал тұрғындар қалаішілік такси қызметін 07.00-23.00-ге дейін пайдалана алады. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтап, ережеге бағынуға міндетті.

Қазіргі таңда аймақта ахуал тұрақты.