Басты бетҚоғамҚызылорда облысындағы...

Қызылорда облысындағы 146 ауылдық округ дербес бюджетке өтті

Өңірдің нақтыланған бюджеті 330 миллиард теңгенің үстінде болса, соның 26 миллиарды ауылдарға беріледі. Сонымен қатар «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша аймақта 21 жоба жүзеге асады. Оған қоса, тағы 3 миллиардтай теңге жұмсалады.

«Антикор» орталығының мамандары әр теңгенің сұрауы болатынын айтады. Жергілікті атқарушы органдар биыл 4 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу жоспарлаған. Шығыс-кіріс, тапсырыс пен орындалу құжаттарын қайта-қайта шотқа салып санау нәтижесінде 1,5 миллиард теңге үнемделіп отыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларындағы қаражат көлемі біршама ұлғайған. Облыс көлеміндегі 100-ге жуық жоба бойынша қаражат жұмсалуына күнделікті бақылау жасаймыз. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда саладағы құқықбұзушылықтардың елеулі азайғанын көреміз,- деді СЖҚІҚД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.