Басты бет Қоғам Әйтеке би кентінде инженерлік инфрақұрылым желісі тартылады

Әйтеке би кентінде инженерлік инфрақұрылым желісі тартылады

Қазалы ауданының әкімшілік орталығында "Аймақаш" жаңа шағын ауданының құрылысы жоспарланып отыр. Бірақ бұл жер учаскелеріне дейін Әйтеке би кентінде жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген инженерлік инфрақұрылым желісін тарту қажет.

Фото: Ашық дереккөз

«Аймақаш» шағын ауданын жоспарлау жобасына сәйкес республикалық және Қызылорда облысының бюджетінен 243 миллион теңге бөлінді.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаражатқа 5,2 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 4 шақырым астам электр желілері, сондай-ақ 6,7 шақырым су құбыр желілері тартылады. Сонымен қатар ұзындығы 5,9 шақырым автожол құрылысын қаржыландыру жоспарланған. Тіпті қазірдің өзінде тиісті қаржылық өтінім берілді.

Инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін 115 жер учаскесі «Аймақаш» шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдерінде кезекте тұрғандарға беріледі.

Exit mobile version