Басты бет Қоғам Қызылорда облысында коронавирустан 200 адам жазылды

Қызылорда облысында коронавирустан 200 адам жазылды

Қызылорда облысының тағы бір тұрғыны COVID-19 инфекциясынан емделді. Осылайша өңірде коронавирус індетінен жазылғандар саны 200 адамға жетті.

Фото: Reuters.com/Wolfgang Rattay

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, емдеу курсы аяқталғаннан кейін екі сынама да теріс нәтиже көрсеткен.

Коронавирусты жеңген Жаңақорған ауданының тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасынан үйіне шығарылды.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында індеттен айығып шыққандар:

  • Қызылорда – 64;
  • Арал ауданы – 4;
  • Қазалы ауданы – 3;
  • Қармақшы ауданы – 5,
  • Сырдария ауданы – 26,
  • Шиелі ауданы – 66,
  • Жаңақорған ауданы – 32.

Exit mobile version