Төтенше жағдай кезеңінде жеке басын куәландыратын құжаттарының мерзімі өткен Қызылорда облысындағы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтардың үйіне барып, құжаттарын рәсімдеп беру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қызылорда облысында 9 мыңнан астам азаматтың куәліктерінің мерзімі карантин уақытында аяқталған екен. Куәлік мерзімі осы карантин уақытында аяқталған жағдайда 10 шілдеге дейін ауыстыруға мүмкіндік бар. Олардың ешқайсысына ішкі істер органдары айыппұл салмайды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен миграция полициясы қызметкерлеріне рақмет. Ауылдардағы куәлік мерзімі өткен және кәмелет жасына келіп, жаңадан куәлік алушыларды әкімдіктермен, білім бөлімдерімен бірлесіп, арнайы кестемен рәсімдеу шаралары жүргізіледі. Бұл тұрғыда облыстық Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымовамен келістік, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.