Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда коронавирустан...

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған әйел дәрігер болып істеген

Tengrinews.kz хабарлауынша, марқұм жекеменшік медицина мекемесінде істеген.

Астанада вирустан 1958 жылы туған әйел қайтыс болды. Ол зейнетке шықса да жекеменшік медицина мекемесінде дәрігер болып жұмыс істеген, — деп хабарлады Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі пациент коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны хабарланған еді. Олар – 1958 туған әйел адам және 1977 жылы туған ер адам.

Қазіргі кезде Қазақстанда вирустан қайтыс болғандар саны 34-ке жетті. 14 мамырда сағат 23.59-дағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың жалпы саны 5 689 болды. Коронавирустан 2 558 науқас айықты.