Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылы 18 мамырдан бастап мемлекеттік қызмет екі түрлі әдіспен көрсетіледі: элекрон түрде және офистерге баруға болады.
«Электрондық үкімет» порталы, Салық төлеушілер кабинеті және мемлекеттік кірістер органанының ақпарат жүйесі арқылы жасалған мемлекеттік қызметтер электрон түрде көрсетіледі. Қазір мемлекеттік қызметтің 84%-і автоматтандырылған, 44 қызметтің 37-сін электрон форматта алуға болады, — делінген хабарламада.
Онлайн форматқа әлі көшпеген қызметтерді «Электрон портал» арқылы өтініш беріп және офиске бару уақытын алдын ала брондап, алуға болады. Талон алу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті сайтындағы (http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation) «Электрон қызметтер» бөліміне кіріп, «Онлайн брондау» жолына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теру қажет.
Мемлекеттік кірістерді басқару органы мен мемлекеттік кірістер департаменті санитар-эпидемиология талаптарын сақтай отырып, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін істейді. Мемлекеттік кірістерді басқару органынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған термианлдар жұмысы уақытша тоқтап тұр, — делінген хабарламада.
Аудандық әкімдіктерде және кеден бекеттерінде салық төлеушілерге кеңес беретін байланыс орталықтары жұмысын жалғастырады. Қаладағы байланыс орталықтары:
Әуезов ауданы бойынша МКБ: 303-25-69, 303-25-26, 8(702)811-88-33, 8(747)077-00-92;
Бостандық ауданы бойынша МКБ: 275-48-24, 8(707)939-54-26, 8701-601-02-37;
Жетісу ауданы бойынша МКБ: 279-57-72, 8(707)186-03-56, 8(777)349-68-56;
Алмалы ауданы бойынша МКБ: 267-69-80, 8(705)760-92-51, 8(707)343-29-98, 8(778)528-31-16;
Түрксіб ауданы бойынша МКБ: 221-58-61, 8(700)646-20-32, 8(707)741-78-70;
Медеу ауданы бойынша МКБ: 267-71-73, 8(701)799-76-76, 8(707)115-47-48, 8(702)107-26-68;
Алатау ауданы бойынша МКБ: 299-85-34, 299-84-61, 8(778)417-82-85;
Наурызбай ауданы бойынша МКБ: 338-21-09, 390-64-00, 8(707)933-93-31, 8(775)759-77-17, 8(705)579-05-97;
«Алматы кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті: 259-70-00, 8 (701) 711-16-03;
«Алмалы кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті: 259-70-92, 8(777) 513-75-81;
«Жетісу» кеден бекеті: 388-89-75, 8778-828-01-33.
Енді әр сәрсенбіде мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері департаменттің әлеуметтік желілерінде (@dgdalmaty) тікелей эфир өткізеді. Эфир салық төлеушілерге қатысты өзекті мәселелер және Салық және Кеден кодексіне енген өзгерістер туралы болады.