Теміржол вокзалындағы санитария талаптары қандай болады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 маусымнан бастап теміржол қызметінің іске қосылатынын хабарлады. Әзірше пойыздар тек ішкі рейстер бойынша жолаушы тасымалдайды. Осыған байланысты мынадай шаралар қатаң сақталады:

  1. Вокзал ғимаратына тек жол жүру билеттері бар азаматтар кіреді.
  2. Вокзалдағылардың бәрі міндетті түрде маскамен жүруге тиіс.
  3. Жолаушыларды шығарып салатын адамдар вокзал ғимаратына кірмейді.
  4. Вокзал ғимаратына кірерде жолаушының температурасы байланыссыз жолмен өлшенеді.
  5. Жолаушылар пойызға отырғанда және пойыздан түсерде басқа адамдармен арақашықтық сақтауы керек.
  6. Вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысы шектеледі. Бірнеше адам болып жиналуға болмайды.
  7. Әр вагонға антисептик пен дезинфекция ерітіндісі қойылады.
  8. Жол бойы вагондағы жолаушыларға сауалнама жүргізіледі.
  9. Вокзал ғимараты мен вагондардағы кондиционер, ауа алмастыру жүйесі және ауа алмастыру фильтрлері тексеріледі.
  10. Вокзал ғимараты мен пойыздарды дезинфекциялау режимі қатаң сақталады.
  11. Теміржол қызметкерлері мен жолсеріктер ауысым алдында және рейстен бұрын температурасын өлшетіп, тексеріледі.