Елімізде сәуір айында жууға, тазартуға арналған заттардың, жеке пайдаланатын заттардың бағасы 1,5–3,6% өсті. Бір жыл ішінде бұл заттар айтарлықтай қымбаттаған. 2020 жылдың сәуір айы соңындағы зерттеу бойынша олардың құны бір жылда 7,7–17,6% арасында өсті.
Әсіресе, кір жуғыш ұнтақтың қымбаттағаны қатты білінеді, оның бағасы сәуірде 17,6% өскен. 500 грамдық қаптаманың республика бойынша орташа бағасы — 527 теңге. Оған қоса, кір сабынның бағасы 143 теңгеден 200 теңгеге дейін өскен. 75 миллилитрлік тіс пастасы 10,9% өсіп, 239 теңге болса, 150 миллилитрлік сусабын бағасы 9,8% өсіп, 450 теңге болды. 100 грамдық иіс сабын 240 теңгеге дейін қымбаттады.
Ranking.kz зерттеушілерінің мәліметінше, осы тауарлардың бағасы бір айда республикада орташа есеппен 1,5–3,6% аралығында өсті.
Тіс пастасы елде орта есеппен 1,7% қымбаттады. Бұл жууға арналған зат бағасы ірі қалалар мен мегаплоистер ішінде бәрінен де Семейде қымбат болып тұр — баға 5,6% өскен. Сусабын бағасы ел бойынша 2% өсті. Ал Түркістанда сусабын бірден 9% қымбаттаған. Кір жуғыш ұнтақ бағасы орташа есеппен 1,5% өсті. Ол бәрінен де Ақтауда оған дейінгіге қарағанда 7,7% қымбат бағамен сатылып жатыр.
Кір сабын бағасы сәуір айында орташа есеппен 3,6% өссе, Талдықорғанда бірден 17,7% қымбаттады.
Иіс сабынның бағасы 1,8% өсті, оның бағасы бәрінен де Таразда қымбат — баға 6,3% өскен. Балаларға арналған сабын Шымкентте қымбат тұрады. Бағасы 8% өскен, ал елдегі оның орташа қымбаттауы — 2,9%.