2020 жылдың 13 мамырынан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
2020 жылдың 18 мамырынан бастап санитария талаптарына сай мынадай мекемелердің жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:
— қонақүйлерге;
— сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;
— таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;
— діни құлшылық жасау нысандарына, бірақ онда келген адамдар жалпы ғимарат көлемінің 30%-ын ғана толтыруы керек. Сонымен бірге санитария нормалары сақталуға тиіс.
2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасы өз жұмысына кіріседі. Билеттер 15 мамырдан бастап сатыла бастайды.
Сонымен бірге отырыс кезінде шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.