Алматы мен Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақталады. Бірақ оның кейбір шектеулері алына бастады.
Шымкентте карантин мерзімі 25 мамырға дейін созылды.
Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды.
Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін ұзартылды.
Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысында жағдай жақсарған сайын карантин шектеулері біртіндеп алынады.
Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысындағы карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды.
Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы және Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдетілді, бірақ жағдай жақсарғанға дейін карантин сақталады.
Түркістан облысы мен Жамбыл облысында карантин мерзімі 25 мамарға дейін ұзартылды.
Бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимі аяқталғанын хабарлаған едік.