Басты бетҚоғамАтырауда коронавирус...

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды

29 жастағы әйел кесар тілігі арқылы қыз баланы дүниеге әкелді. Сәбидің салмағы — 3,620 киллограм, бойы — 53 сантиметр болып туылды. Ал 24 жастағы әйел өздігінен салмағы — 4,270 киллограм, бойы- 56 сантиметр ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19 вирусына талдау алынды.

29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында, — дейді №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтиже бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын.
⠀⠀