1. iMovie

imovie

iMovie қарапайым интерфейсімен ерекшеленеді. Мұндағы барлық құралды кәсіби редактор деуге келеді. Қолданба Apple құрылғыларына тегін қосылады. Мультиплатформаның арқасында бір жобаны iPhone-нан MacBook-ке ауысып, істей беруге болады.

imovie
Қолданбаның скриншоты
imovie
Қолданбаның скриншоты
imovie
Қолданбаның скриншоты

Мұнда видеоға монтаж жасау оңай. Клиптерді саусақпен жылжытып қарауға, жобаға қоспас бұрын оларды кесуге болады. Роликтің кез келген бөлігіне видеоны салу үшін оны уақыт шкаласындағы қалаған орынға апару керек. Видеоны қалаған жеріңізден қырқып, керек емес жерін алып тастап, музыка қоса аласыз.

2. InShot

InShot

InShot — iOS, сонымен бірге Android үшін де тиімді фото, видео редакторы. Қолданба видеоны қиюға, оған дыбыс, эмоция қосуға, жылдамдығын өзгертуге және фотоға эффектілер қолдануға болады.

InShot
Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты
InShot
Қолданбаның скриншоты
InShot
Қолданбаның скриншоты

InShot-тың ақылы нұсқасын сатып алсаңыз, көп эффектіні, стикерді және тағы басқа функцияны қолданасыз.

3. VideoLeap

VideoLeap

Видеоредактор профессионал функцияларға, көздің жауын алатын эффектілерге бай. Видеоны өңдеу мүмкіндіктері кәсіби бағдарламадан кем түспейді. Мысалы, қолданбада түстерді және видеоның реңін реттеуге болады. VideoLeap-те хромакеймен де (жасыл фонға түсірілген видеоның фонын ауыстыру) жұмыс істей аласыз, сонымен бірге маскаларды қолдану мүмкіндігіне де бар.

VideoLeap
Қолданбаның скриншоты
VideoLeap
Қолданбаның скриншоты
VideoLeap
Қолданбаның скриншоты

VideoLeap видеоға мәтін, сурет, эффекті және басқа өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Әртүрлі функцияны қолданып, кадрдағы әр объектіні максимал дәлдікпен өңдеуге болады.

VideoLeap-тің Pro нұсқасын сатып алсаңыз, көп ақылы функцияны ашуға болады. Бұл функциялар видеоңызды әрлеуге көп көмегін тигізеді.

4. VOCHI

VOCHI

VOCHI — видеодағы жеке элементтерді өңдеуге арналған қолданба. Мұнда да бәрі қарапайым, әуелі видеоны жүктеп, сосын нысанды белгілеп және соған сай эффектінің түрін таңдайсыз.

Құрылғы мен видеоға қойылатын талап та қарапайым: iPhone 6 және одан кейінгі үлгідегі смартфондарда қолдануға болады.

Мұнда кез келген видеомен жұмыс істеуге мүмкіндік бар, тіпті бір сағаттық видеоларды да өңдеуге болады. Бірақ бір нәрсені ескерген жөн: видеоның ұзақтығы мен көлемі неғұрлым көбейсе, оны сақтауға да соғұрлым көп уақыт кетеді.

VOCHI
Қолданбаның скриншоты
VOCHI
Қолданбаның скриншоты

Бұл қолданбаның да ақылы нұсқасын сатып алуға болады. Сол кезде ерекше, әдемі эффектілерді пайдалануға мүмкіндік туады.

5. Quik

Quik

Quik — фотосуреттерден видео жасауға арналған мобайл қолданба. iOS және Android құрылғыларына тегін орнатуға болады. Қарапайым және ыңғайлы қолданбаның көмегімен бір минут ішінде мобайл құрылғыдағы фотосуреттерден керемет минифильм жасауға болады. Сонымен бірге субтитр, қосымша сурет, түс өңдейтін фильтр енгізуге мүмкіндік бар.

Quik
Қолданбаның скриншоты
Quik
Қолданбаның скриншоты

Қолданбаның тағы бір ерекшелігі — Quik фотосуреттерді сұрыптайды. Егер бұл функция қосылса, апта ішінде түсірген суреттеріңізден шағын фильм жасауды автомат ұсынады.