11 мамырдан бастап карантин талаптары қалай өзгереді?

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық азаматты, сонымен бірге ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы теміржолмен және автомобиль жолымен өткізу пункттері арқылы келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшауласын.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әкімдері:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шараларды, сонымен бірге отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;

2) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;

3) діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;

4) эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінде сақталу мониторингін және әкімдіктер жанындағы мобильді топтарды объектілерге бөліп, тексеру жүргізуін;

5) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;

6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да объектілерді санитарлық тазалауды және дезинфекциялауды;

7) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әкімдері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерде COVID-19-бен ауыратындар санының өсуі 7 күн ішінде 7%-тен аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және бас мемлекеттік санитар дәрігер белгілеген көлікте отыруға қатысты қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аймақтары (авиарейстер) арасында кіріп-шығуға рұқсат беруді;

2) осы қаулыдағы 15-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, шектеулермен қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауды қамтамасыз етсін.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өңірлерде COVID-19-бен ауыратындар санының өсуі 7 күн ішінде 7%-тен аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда (жасына қарай) кезекші топтардың жұмысын;

2) қызметкерлер мен балалардың денсаулығын бақылау (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды бөлектеу арқылы, сонымен қатар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, (жазылу бойынша) үйірмелердің жұмысын;

3) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды бөлектеу арқылы, сонымен бірге күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, (алдын ала жазылу бойынша) балалардың  түзету кабинеттерінің жұмысын қамтамасыз етсін.

Қаулының толық мәтінін мына жерден жүктеуге болады.