Кейінгі тәулікте үш жағдай анықталды. Олардың үшеуі де Қызылордада тіркеліп отыр.
Қазіргі уақытта өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша:
Қызылорда — 80;
Жаңақорған ауданы — 31;
Арал ауданы — 6;
Сырдария ауданы — 26;
Қармақшы ауданы — 5;
Шиелі ауданы — 66;
Қазалы ауданы — 3.
Барлығының жағдайы бірқалыпты.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен қазіргі уақытқа дейін тіркелген 217 науқастың 140-ы жазылып шықты. 77-сі инфекция стационарында емін жалғастырып жатыр.
Бүгін, яғни 5 мамыр күні сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында коронавирус індетінен тағы 2 науқас емделіп шықты. Емделушілердің емі толық аяқталған соң екі рет қайталама зертхана талдамасы алынды. Талдама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар COVID-19 вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің екеуі де — Қызылорда тұрғыны.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақ дәрігерлерінің бақылауында болады.
Осы күнге дейін облыста індеттен айығып шыққандар саны бойынша:
Кызылорда — 21;
Арал ауданы — 4;
Қазалы ауданы — 2;
Қармақшы ауданы — 4;
Сырдария ауданы — 25;
Шиелі ауданы — 59;
Жанакорған ауданы — 25.