Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев:...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елімізде азық-түлік жеткілікті

 

Еліміз үшін ауыл шаруашылығының маңызы зор. Дәл қазіргі басты міндет — егіс науқанын ойдағыдай өткізу. Қазақ «Көктемнің бір күні — жылға азық» дейді. Кез келген қауіп-қатерге қарамастан бұл жұмысты уақытында жүргізу керек. Биыл көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыш сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар шағын және орта шаруа қожалықтары жанармайды арзан бағамен алады. Осыған байланысты 390 мың тонна дизель отын жеңілдікпен сатылып жатыр. Мұның бәрі мол өнім алуға септігін тигізеді деп сенемін, — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір халыққа азық-түлік жеткізу — негізгі мәселенің бірі.

Мен мұны Үкіметке де, әкімдерге де тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Жалпы, елімізде азық-түлік жеткілікті. Алдағы кезеңде бағаны өсірмей, елді дүрліктірмей, жұмысты дұрыс жүргізген жөн. Ең маңызды мәселе — ауылдағы жас­тарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету. Әйтпесе, бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделі әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, біз осындай қиындықтарды көре бастадық, әсіресе бұл ірі қалаларда байқалып отыр. Осы мәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек, — деді Қазақстан Президенті.

Президент сұхбатының толық нұсқасы мына жерде.