Басты бетЖаңалықтарАида Балаева...

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды

Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутаттарға Аида Балаеваның кандидатурасы ұсынылған. Депутаттар ұсынысты мақұлдаған.

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Балаева Президенттің көмекшісі — Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысында туған. Абай атындағы қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан бастаған. 2006-2008 жылдары Алматы ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Астана ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етті. 2010-2014 жылдары Астана әкімінің орынбасары, 2014-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болды.

Президенттің көмекшісі — Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін 2019 жылдың 22 шілдесінен бері атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Дәурен Абаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.